Қаза тапқандар бар: Астана маңында ұшақ апаты болды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 638
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астана маңында жекеменшік ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға бүгін 22 маусымда 11:30 шамасында болған. 

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Жоламан аэродромы маңында Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. 

“Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды”, – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *