Тап күндіз, ел алдында жыныстық қатынасқа түскен жұп халықтың ашуын туғызды (Фото) .
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматыда көпшіліктің жағасын ұстатқан оқиға болды. Тап түсте, Солтүстік айналма жолы маңындағы қоғамдық орындықтардың бірінде ер мен әйел ел көзінше жыныстық қатынасқа түсті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Куәгерлердің айтуынша, олар қатты мас болған және айналадағылардың ескертуіне құлақ аспаған. Жанында балалар серуендеп жүргеніне қарамастан, ерсі әрекетті жалғастыра берген. Ашуға булыққан тұрғындар дереу полиция шақыруға мәжбүр болған.
— Бұл жайтты өз көзімізбен көріп, не істерімізді білмедік. Біреу видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберді, – дейді куәгерлердің бірі.
Оқиға орнына жеткен Алатау аудандық полициясының учаскелік инспекторы ғана бұл азғындықты тоқтата алған. Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушыларға қатысты екі әкімшілік іс қозғалды: қоғамдық орында мас күйде жүру және ұсақ бұзақылық, яғни адамгершілік пен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу.
— Іс материалдары сотқа жолданды. Бұл әрекеттер қоғамдық ортада, әсіресе тұрғын үйлер мен балалар алаңдарының маңында мүлде қабылдауға келмейді, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.
Полиция мұндай сорақылыққа жол бермеу үшін тұрғындарды бейжай қалмауға, құқық бұзушылықты байқаса дереу хабарлауға шақырды.
Пікірлер (0)