Иранға шабуыл: АҚШ Демократиялық партиясы Трампқа импичмент жариялауды ұсынды

Жаңалықтар
view 393
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

АҚШ Демократиялық партиясының өкілі Александрия Окасио-Кортес президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Александрия Окасио-Кортес Трамптың Ирандағы ядролық нысандарға шабуыл жасау туралы бұйрықты Конгрестің мақұлдауынсыз бергенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл әрекетімен АҚШ президенті Конституцияны өрескел бұзып, елді үлкен қауіпке душар етті.

— Президенттің Конгрестің мақұлдауынсыз Иранды бомбалау туралы шешімі — бұл соғыс жүргізу құқығы бойынша Конгреске тиесілі өкілет пен Конституцияны өрескел бұзу. Ол ойланып-толғанбастан шешім қабылдап, елді бірнеше ұрпаққа созылуы мүмкін соғысқа итермелеп отыр. Бұл — оған импичмент жариялау үшін жеткілікті әрі анық себеп, – деді Окасио-Кортес.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *