«Кімге жақпады екен?»: Журналист «Руың кім» рушылдықты қоздыратын фильм емес екенін айтты

Жаңалықтар
view 175
news

Фото: ашық дереккөз

Белгілі журналист Кәмшат Тасболат facebook-парақшасында күні кеше кинотеатрлардан алынып тасталған «Руын кім» атты фильм рушылдықты қоздыратын емес, керісінше, «бәріміз бір қазақпыз, рушыл болмайық, руға бөлінбейік» дегенге үндейтін комедия екенін айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Жалайыр мен шапырашты үшін емес шығар»: «Руың кім» комедиясы прокаттан алынып тасталды

«Қауіпті құбылыс»: Ерлан Саиров рушылдықты қоздыратындарға тосқауыл қоюды ұсынды

«Руың кім» деген фильмді прокаттан алып тастағаны рас па? Бұл комедияны балалармен қарадық. Бұл рушылдықты қоздыратын фильм емес, керісінше “бәріміз бір қазақпыз, рушыл болмайық, руға бөлінбейік” дегенді үндеген фильм ғой. Жалпы, фильмдерді прокаттан алып тастау цензура емес пе? – деген сауал тастады ол.

Журналистің пікірінше, биліктегі кейбір ағаларға өз руларын айтқаны жақпай қалса керек.

Иә, «Оскар» алатындай фильм емес, бірақ жеңіл, көңілді көтеретін комедия. Оны алып тастаудың не қажеті бар еді? Ішінде менің де руым Әлімдерді айтады, маған бәрібір, рушыл емеспін. Қазақпын, Кіші жүз, Әліммін, содан не? Киноға барған 6 жасар балаға дейін «бәріміз Қазақпыз ғой» деп шықты… Ұлы жүздің ұрпағын көбейтіп отырмыз, қазақты көбейтіп отырмыз. Бәріміз қазақпыз. Шамасы, биліктегі кейбір ағаларға өз руларын айтқаны жақпаса керек, бірден алдыртып тастағанына жол болсын… Кімге жақпады екен? Кім толық ақпарат бере алады? – деп жазды ол.

Редакциядан: JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі де рушылдықты қоздыруды көздемейтінін ескертеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *