Қоғамдағы педагог мәртебесі

Руханият
view 641
news

«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жан дүниесіне үңілу» В.А.Сухамлинский

Ұстаз – жас ұрпақты, жақсылыққа тәрбиелейді. Қазіргі қоғамда жүргізуші  маман болып есептеледі. Ол ғылымға, құштарлыққа үндейді. Менің педагогикалық ұстанымым: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Ақылың мен білімің екі жақтап» деген дана Абайдың ойына саяды. Жеке әдістемелік тақырыбым: «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдары» Педагогикалық мақсатым: Оқушылардың ой қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз оойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіру және де оқушыларды ізденімпаздылыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу. Міндетім: – Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу; – Әрбір оқушының жеке дара ерекшелігін скеру; Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорларын молайту Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау. Педагогикалық тұжырымдамам: Үнемі жаңалыққа ұмтылып, өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіру. Менің жұмыс жасайтын мәселем: Әдістемелік бірлестік жетекшілік жұмысымды жетілдіру әріптестеріммен үнемі тәжірибе алмаса отырып, жұмыс істеу. Оқушыларды өз бетінше білім алуға дайындау. Зерттеу болжамы: Шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жұмыс жүйемнің негізі: ата-анамен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс. Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыруды қолға алдым. Оның себебі ақпараттық технология кең етек алып, шапшаң жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп, жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр. Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педагогика пікірі бойынша «қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет. Тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар: жазбаша және ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім. Жазбаша тапсырмалар кезінде: – Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар жаттығу жұмыстары; – Шығарма, эссе не хат жазу, өлең құрастыру; – Жазбаша грамматикалық тапсырмалар; – Сұрақтарға жазбаша жауап беру; Ауызша тапсырмаларда – Тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру; – Ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру; – Символикалық белгілерге қарай отырып, жұмбақтар құрастыру; – Жаңылтпаш, мақал мәтел, өтірік өлең. Жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар нені үйренеді? – Сөздердің жазылу заңдылықтарын үйренеді; – Емілесі қиын әріптер мен графикалық дыбыстардың ұқсастықтары бар әріптердің айырмашылықтарын таниды. – Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады. Ауызша орындалатын тапсырмалар барысында оқушылар нені үйренеді? – Логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттері дамиды. – Тіл байлығы дамып, өз ойын ауызша жеткізе білуге үйренеді. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы баланың ақыл ойын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Сондықтан өзімнің кейбір жұмыстарыма тоқтала кетейін. Сабақ барысындай мынандай түрдегі сөзжұмбақтар, ребус шешуді, 1-сынып кезінде сызба арқылы әріптерді пайдаланып сөз құра, буындардан құра, тірек сөздер арқылы мәтін құрастыртамын. «Цирк» Тірек сөздер: сайқымазақ, шабандоз, акробат, ит, мысық. Оқытуда тиімді тәсілдерді бірі тірек сызбалар. Ол оқушының логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығының дамуына, іс жүзінде қолданып, мәтіннің негізгі түйінді мәселелер бойынша жасалатын «Нені міндетті түрде білу керек?» деген көмек нұсқау көрнекілігі болып табылады. Мысалы: 1-сынып «Жаралы кептер» Талап: кептер, Йод, дала, жем, су. Оқушылардың ой шапшаңдығын, тіл байлығын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың бір өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлерін қолданамын. Осы бағытта жұмыс істегенде не ұттым? – Бала оқулық көлемінен шығып ойланады. – Тәжірибелік жұмыстарға қызығып, зерттеу іс-әрекетін жүргізді. – Алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуге үйренеді. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі. 2 сыныпта «Кірпі» ойынында алмаларды теру арқылы жаңылтпаштарды жаттау барысы, «Тауықтың жұмыртқасын жинау» ойынында негізгі және туынды зат есімді табуда, жаңылтпаштарды жаттау барысы, «Тауықтың жұмыртқасын жинау» ойынында негізгі және туынды зат есімді табуда, 3 сыныпта «Сөмкеге қажетті затты сал» ойынында сөз таптарын айтпай отырып, дұрыс салу керек. Математика сабағында «Балмұздақ» ойынында разрядтық сандарды жіктеуді, салыстыруды және атауды үйренеді. Қазіргі білім беру жүйесіне қосып жатқан үлесім көп десем қателеспеймін. Осы менің шығармашылығымды үнемі шыңдап, маған қанат бітіріп отырады. Шәкірттерімнің алғысына бөленіп, бар білімімді меңгерте білсем бұл менің ұстаздық сенімімнің ақталғандығы деп білемін.  

Қосшы қаласы, ІТ мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Теміржанова Айымгүл Серікбаевна

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *