Сауатты жазу – тілдің биік мәртебесі

Руханият
view 293
news

Қосшы қаласында көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылықты жолға қою мақсатында қаладағы кәсіпкерлік нысандарында «ҚР тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіледі.

2023 жылы 21 маусым күні Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі «Стамбул» сауда орталығында «ҚР тіл туралы» Заңының 21-бабында көрсетілген талаптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көрнекі ақпарат мәтіндерін мемлекеттік тілде дұрыс жазылуына әдістемелік көмек көрсетілді. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты осы саладағы кемшіліктерді түзетуге, маңдайшалардағы орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық қателерге жол бермеуді, қала аумағында тіл туралы заңның орындалуына атсалысу. Сауаттылық пен пунктуация ережелеріне ғана мән берілу емес, мазмұнға да көңіл аудару керек. Маңызды ақпарат! Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі қала аумағында тілдік кемсітушіліктердің алдын алу, азаматтарға концультациялық көмек беру және кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне көмек көрсету мақсатында, жарнамаларды орнатпас бұрын олардың мәтіндерін тілдік нормаға сәйкес ресімделуіне байланысты тегін концультация беретін «Жедел желі» (Call center) құрылды. Жедел желі телефоны: 8 (7172) 607-785 (ішкі 604). Сонымен қатар, Қосшы қаласында Тілдерді оқыту орталығында ересектерге арналған мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту курстары өтеді. Оқу ақысы тегін. Байланыс нөмірі: 8 701 908 97 67.  

Janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *