Көкшетаудағы NIS: 60 түлек қанат қақты

Руханият
view 96
news

Барлық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» 2022-2023 оқу жылын аяқтаған түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. Биыл Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-ті 60 зияткер сәтті тәмамдады. Мектеп бітіруші оқушылардың ішінен Асанали Ахтанов «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанса, Камила Касенова, Дильназ Есламбекова, Диана Афанасьева, Нұрсұлтан Сағынтай Үздік атттестаттармен марапатталды. Барлық зияткерлер әлемнің үздік оқу орындарының гранттарына ие болып, үлкен өмірге қадам басты. Мектеп директоры Шырын Жұмабекова түлектердің жетістіктері мен жеңістерін тілге тиек етіп, қадамдарына ақ жол тіледі. Сондай-ақ, мектептің 2019 жылғы түлегі Айгерім Жұманалина оқушыларды «NIS Alumni» қауымдастығының қатарына қабылдап, төсбелгілерді тарту етті. Жүрек тебірентер әндер мен концерттік қойылымдар, ата-аналардың тартуы мен соңғы вальс 12-сынып оқушыларының NIS қабырғасындағы оқушы ретіндегі мазмұнды нүктесін қойды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *