«Конституциялық реформа: өзгерістер кезеңі» тақырыбында «Котельная АСИ» ЖШС ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
Фотосурет: дереккөз
«Конституциялық реформа: өзгерістер кезеңі» тақырыбында «Котельная АСИ» ЖШС ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Аталған кездесуді қала мәслихатының депутаты Шоқан Саматұлы өткізді. Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, енгізілген өзгерістердің маңызы және олардың қоғам дамуына әсері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, реформаның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытуға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Ұжым мүшелері реформаның маңыздылығын қолдай отырып, белсенді азаматтық ұстаным танытты.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, өзара түсіністік пен сенім атмосферасында қорытындыланды.
Пікірлер (0)