Көрші тұрған: Астанада екі ер адам тұрғын үй терезесінен секіріп кетті
Фото: korter.kz
Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде екі адам бір күнде қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, биіктіктен секірген екі адамның бір-бірімен байланысы жоқ, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі jagdaikz парақшасына сілтеме жасап.
Қаза болғандардың бірі – жас жігіт, екіншісі – егде жастағы ер адам.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам өзіне-өзі қол салған.
“18 желтоқсанда полицияға Highvill тұрғын үй кешенінің аумағында мәйіт табылғаны туралы хабар түсті. Жедел тексеру барысында марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сонымен қатар қала аумағының басқа жерінде Астананың бір тұрғыны тұрғын үйдің 18-қабатынан құлаған, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда екі дерек бойынша да қылмыстық іс басталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Пікірлер (0)