«Қосшы домбыра Fest» жобасына қатысуға шақырады
Руханият
161
2018 жылғы 13 маусымда Президент жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған болатын. Содан бері ұлт аспабы – киелі домбыра күні жыл сайын мерекеленіп келеді. Биыл жаңа құрылған Қосшы қаласында да бұл айтулы күн айырықша аталып өтпек.
Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі қала тұрғындарын 3 шілде күні сағат 11:00-де №2 орта мектебінің алаңында өтетін «Домбыра Fest» жобасына қатысуға шақырады. Шараға қала тұрғындарымен кәсіби домбырашылар қатысып, халық күйлері орындалмақ.
«Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары! Ұлттық домбыра күніне орай өтетін тамаша шарадан қапы қалмаңыздар. «Қосшы домбыра Fest» бұл сіздің қатысатын жобаңыз. Үйден қолыңызға домбыра және отыратын құрақ көрпе ала келіңіз», – деп хабарлайды Қосшы қаласы «Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту» ММ басшысы Айнагүл Көңбайқызы.
Пікірлер (0)