Мамырдың 17 күні Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасында «Ашық есік күні акциясы» өткізілді.
Мамандар көлік құралдары салығын есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері, ставкалар мен жеңілдіктер, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып, азаматтардың туындаған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге арналған «E - Salyq Business» мобильді қосымшасының жұмысы, сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, кассалык чектің орнына мобильді косымшанын чегін беру, салықтармен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу, жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізу, оңайлатылған декларацияны тапсыру, кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтату және басқа да мобильді қосымшаның функционалдарыкөрсетілді.
Жеке тулғаларға арналған «E-salyq Azamat» мобильді қосымша арқылы салық төлеушінің мүлік объектілері туралы өзекті ақпаратты білу, артык төлемдер мен берешектердің болуы туралы, есептелген және төленген салық төлемдерінің сомалары бойынша, онлайн режимінде салықтарды төлеу және басқа да пайдалы қосымшаның мүмкіндтері жеткізілді.
Естеріңізде болса 2020 жылдан бастап электрондық салық әмиянының функцияларын орындайтын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы енгізілген еді. «E -Salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларының дүкендерінен тегін жүктеуге, ал оған ЭЦҚ, sms-пароль арқылы (егер Сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз), сондай-ақ ЖСН және пароль арқылы авторландыра аласыз.
Қосмышаның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері:
2 минут ішінде салық төленеді;
салық салу объектілері бойынша мәліметтерге түзету жүзеге асырылады;
жеке тұлғалар үшін декларация тапсырылады (240.00, 250.00,270.00, 700.00 салық есептілігі нысандары);
жеке шоттарды қарау;
МКБ қызметерін ұсыну сапасын бағалау;
мүлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінімдер беру;
жолаушылар-кедендік декларацияны тапсыру;
ЖТ банкроттық өтініш беруі;
Мемлекеттік кірістер органдарына электрондық кезекті онлайн брондау, салық күнтізбесі, айыппұлдардың болуын тексеру, шығуға тыйым салу, салық төлеушілерді іздеу, соның ішінде сенімсіз және т.б. салық төлеушілерді.
Сонымен қатар, электрондық салық әмиянында «қызметкерлердің еңбек ақысы» сервисі, есептелген ЖТС, зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру сомалары туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Пайдаланушылар үшін бағдарламалардың интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіншіліктері бар.
Шара барысында салық төлеушілерге үш компонентті интеграцияланған жүйені колданудың артықшылықтарын, жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі бойынша түсіндірме жүргізді.
Тілеубек БАТЫС
Пікірлер (0)