ОН БЕС МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ЖАРЫҚ

Қосшы жаңалықтары
view 229
news

2018 жылдан бері ерлі - зайыпты  Манат Көптілеуов Қойшыбайұлы мен  Сергалива Индира Асқарқызы  Қосшы қаласында тұрады. Көпбалалы отбасы. Әңгіменің әлхиссасы мынада. Бастарында баспана жоқ. Екі бөлмелі жаздық үйді жалдап тұрады. Әсілін айтқанда Манат сол екі бөлмелі үйді өзі салған. Өзі салады, өзі жалдап  тұрады қызық па, сізге?!  Үй де, жер де өзінікі емес Манатттың  досының үйі  екеуара келісімге келген. Үйді саласың, сол үйде тұрасың, кейін үй алғанда босатып, қалдырып кетесің деген. Қайсар әке бала қамы үшін оған да көнген, төзген. Табанынан тік тұрып үйді салған. Шүкір, қазір сол үйде алты баламен тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сонда әкенің бар еңбегі, тапқан табысы құрылыс заттарынның шығыны есепсіз досының уысында қала бермек. Досының қалтасында. Бар амалы таусылып, қолдан келгенін жасады ғой әке, бала үшін. Әйтеу осы күнде айлап күндеп көшіп жүрген ұлы көш жоқ күйбең тіршілікпен өмір кешіп жатыр. Қашанғы өзі салса да біреудің үйінде тұрады, қиын... Бір күні шық десе ше, қайтпек керек  беймәлім. 2018 жылы Қызылорда обл, Қазалы ауылында жер телімін сатқан бірақ, құжат бойынша үй сатқан болып есептеліп осы күнге дейін үй алу бойынша кезекке тұра алмай жүр. Заңнамаға сәйкес егер үй сатқан болсаңыз 5 жыл өтпейінше кезекке тұра алмайсыз. Дағдарған әке, әбігер шеше амал дұғасы таусылып бүгінгі тұрып жатқан үйге шүкір дейді. Алты баланың әкесі Манат Қызылордада сауда- саттықпен айналысады 1998 жылдар шамасында шығынға батып кәсібі нәсіп болмай құлдырап кеткен соң одан да қол үзеді. Қазіргі таңда  құрлыс саласында жұмыс атқарады тапқан табыс бауыр еті баласінікі. Құрылыста болғанда  тұрақты бір компанияда қызмет атқармайды жалдамалы жұмыс бірде бар, бірде жоқ. Әйтеу бала - шағаның өзегін талдырмайды. Қиындықпен бетпе-бет келіп, төзімділіктің майын ішіп, жілігін шаққан. Қайсарлықпен рух тек алға сүйрейді. Алты баланың анасы Индира күніге үйде. 7 айлық сәбимен отыр. Қалғаны мектеп жасында, солардың сабағы, тамағы. Атқаратын жұмысы сол. Ана ғой жүрегі мейірімнен шуақ шашқан, балаларының бетін қақпай белін буып үй шаруасымен айналысады. Мемлекет төлейтін 144мың  теңгені  отбасына сағыздай сөзып, диірмендей ұнтақтап бір теңгеге дейін есептеп жеткізеді. Балалы үй базар демейме ол ақша қайдан жетсін күнделікті тамақ, киім - кешек, мектеп құралдары айта берсең шығын көп енді. Жетпейтініне іштей қынжылады әрине "Балалар ғой өсіп келеді күніне бес мезгіл тамақ ішеді"- дейді. Ішкен есеп емес әрине ол заңды бала болған соң кіріп - шығып ішіп жеп жүре береді. Алты бірдей баланы бағып-қағып, асырап отырған ата-анаға мемлекеттің тарапынан ешқандай көмек болмаған. Оларға жәрдемдесер күш балаларының жақсы оқып, болашақта елі үшін  жақсы қызмет атқарса екен деген ақ пейіл тілегі ғана. Қанша қиындықпен күн кешіп жатса да үй ішінде шаттық пен қуаныш. Балалардың езуіне күлкі үйірілген. Әке-шешесі де тату-тәтті, берекемен күн кешуде. Өзгелерде болатын жалынып-жалбарыну, мұң-зарын айтудан аулақ. Өз ырыздықтарына риза. Осындай төзімді, еңбекқор, осындай ынсапты, қанағатшыл ата-ананы, қараша үйде тұрса да ханның ұл-қыздарындай ешкімнен кем өспеген балаларды көріп жүрегіміз елжіреп, көзімізге жас үйірілді. Әттең, осындай қолы қысқа отбасына үкімет тарапынан қолдау болса деп тілейсің. Ал,  он бес мың теңгелік жарық қайдан шықты дейсіз бе? Қосшы қаласы 20 шағын ауданында электр жүйесі толық тартылмаған үй-үйге толық жарық орнатылмаған. Манат жарықсыз отырсын ба? Көршісінен тартады бірден келісе салмайды. Анаған бір, мынаған бір барады. Көрші хақысы тәңір хақысы демей ме. Сап етіп бір көршісі келіседі. Келіскенде әлгі көршің шық бермес шығайбай дерсің айына он бес мың деп айды аспанға шығарады. Тағы да дәрменсіз әке келіседі. Ол ол ма? қысқа жіп күрмеуге келсе де, байлауға келмейді дегендей тарыққан әке қарыз алады. Алған Құдай оны қайтармайсың деп бергендей молынан алады алғанда тоқтықтан емес қажетіліктен займ және Каспи банк қосқанда 1,500 000 қарызы бар. Барлық дерлік банк карталары жабық аударым жасай алмайды. Балармен сырластық. Ашық – жарқын, бәрнің алға қойған арман мақсаттары бар. Тіпті 7 сыныпта оқитын баласы өскенде "Елдос Сметов сияқты дзюдоист болам, әлемді мойындатам",- дейді Балардың көзінде он бес мың теңгелік жарқытан да қымбат сәуле, көздерінде оты бар...

Рамазан БАУЫРЖАН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *