Мың да бір АЛҒЫС айтамын сізге!

Қосшы жаңалықтары
view 1510
news

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі тойланады. Биыл Қосшы қаласында да бұл мейрам жаңа форматта өтті.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Маңызды мереке қарсаңында Қосшы қаласының тұрғындары елдің дамуына үлесін қосып жүрген, сондай-ақ түрлі оқиғалар мен жағдайлар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытқан түрлі сала мамандарына алғыс айтып, ашық хаттарын жолдауда.

МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ДӘРІГЕР!

Кез - келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Мереке қарсаңында «Жанұя» отбасылық медициналық орталығының дәрігерлеріне Қосшылық тұрғыны Сұлушаш Өмірбек алғысын қарша жаудырды.

Пандемия кезінде бүкіл әлем жұртшылығы осынау маңызды мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып, соларға сенім артқаны есімде. Жер жаһанды жайлаған коронавирус дерті дендеген уақытта, қарусыз майданда алдыңғы шепте арпалысып, адам жанының арашашысы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі орасан зор екені ақиқат. Мен 6 аймаққа қарасты дәрігер Нұрбол Әділханұлына, сондай-ақ білікті медбикелер Людмила Андрейқызы мен Нұргүл Викторқызына алғысым ерекше. Алғыс айту күні аясында жалпы Қосшы қаласындағы ақ халаттыларға басымды иіп рақметімді айтамын. «Жанұя» медициналық мекемесінің мамандары кез-келген уақытта сұраққа жауап беріп, кеңес беруге дайын. Осы тұста мен өзімнің бір оқиғаммен бөліскім келеді. Медициналық орталықтың медбикесі Нұргүл Викторқызы мен тұратын көпқабатты үйдің жанында тұрады. Көршім десемде болады. Бір күні мен азық-түлікті көп алып қойып, 5 қабатқа көтере алмай тұрғанымда, емделушісін танып, Нұргүл Викторқызы заттарымды көтеріп, үйге дейін кіргізді. Оның жасы менен үлкен болсада, кішіге ізет көрсетіп, адамгершілігі мол екенін ісімен дәлелдеді. Жалпы, осы орайда өз мамандығын сүйіп жұмыс істейтін дәрігерлерге бас иемін дегім келеді. Ардақты ақ халатты абзал жандар! Сіздерге асқақ абырой, биік бедел, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіздің ақталуын тілей отырып, халықтың алғысын арқалаумен кәсіби тұрғыда биік шыңдарды бағындыруларыңызға, денсаулықтарыңыз мықты болып, күш-қуаттарыңыздың арта түсуіне тілек қосамын. Алғыс айту күні құтты болсын!

ҰСТАЗҒА БАС ИЕМІЗ

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Мұғалімнің жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнегесі өлшеусіз. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегін ескере отырып, Алғыс айту күніне орай Қосшы қаласы, IT мектеп - лицейінің 9 сынып оқушысы Мұсаева Ақбота Төреханқызы мұғалімдерге бас иіп, алғысын білдірді.

1-наурыз көктемнің алғашқы күнімен теңдесе кіріп келген айтулы мереке Алғыс айту күні құтты болсын! Осы ретте мен ІT мектеп - лицейінің барша ұстаздарына алғыс айтамын. Əсіресе білім ошағын басқарып отырған Шаяндин Ақылбек Игілікұлына үлкен алғысымды білдіремін. Ол кісінің арқасында біздің мектебіміз өркендеп, білім ұямызда түрлі қызықты шаралар өткізуде. Мектеп меңгерушілері Бухарбаева Замзагүл Ғазизқызы мен Рамазанова Гүлназира Нұрқасымқызының арқасында біз мектептің тəртібін сақтап жүрміз. Тəртіпке бағынған құл болмайды демекші, алдымен тəртіп, ал одан кейін білім. Қоғам мен адамзат алдындағы елеусіз еңбектері үшін ұстаздарым Сая Нұрғалиқызы жəне Самал Қадырқызына алғыс айтамын. Олар бізді тəртіпке бағындырып, түрлі олимпиадаларға қатыстырып жүлделі орындар алуымызға септігін тигізіп жатыр. Осы кісілердің арқасында мен бүгінде біршама жетістіктерге жетіп отырмын. Екінші анамдай болған сынып жетекшім ұстазым - Арай Ұқанқызына да шын жүректен алғыс айтамын. Білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздарға бас иемін.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ ДА АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

Алғыс алуға тиіс мамандықтар санаулы десек, соның бірі һәм бірегейі – әлеуметтік қызметкерлер екенін ел білуі тиіс. Қосшы қаласының тұрғыны, 1- топтағы мүдедектігі бар азамат Айдос Садуақасов сала мамандарының жүйелі жұмысына оң бағасын беріп, Алғыс айту күніне орай Қосшы қаласының әкімдігі, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Бақтыбай мырзаға, Қосшы қаласы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Эльмира Мұқанова мен жалпы ұжымға алғысын білдіріп, редакцияға ашық хат жолдады.

«Қосшыда ерекше жандарға кедергісіз қоғам қалыптастыру мақсатында қолға алынған жобалар нәтижелі түрде іске асып келеді. Мен арнайы ем-дом алу үшін шипажайға жолдама алып беретін әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Қосшы қаласы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Эльмира Мұқанова ерекше жандарды мазалайтын барлық сұраққа жауап беріп отырады. Қосшыда мүгедектігі бар жандар тиісті көмектің барлығына қол жеткізіп отыр. Алғыс айту мерекесі адамдарды мейірімділікке, қамқорлыққа үгіттейді. Ал бізге мұндай қамқорлықты әлеуметтік қызметкерлер беріп отыр. Ендеше сіздерге алғыс айта отырып, зор денсаулық, жақсылық, мол бақыт, ел үшін аянбай еткен еңбектеріңіздің жемісті болуын тілеймін»,- деді Қосшы қаласының тұрғыны Айдос Садуақасов.

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫна АЛҒЫС АЙТАТЫНДАР КӨП

Өмірін қауіпке тігіп, қалайда адамдарды құтқарамын дейтін төтенше жағдай қызметкерлері. Алғыс айту күнінде алғысқа бөленді. Мереке аясында Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Руслан Қоржумбаев Төлеуұлы әріптестеріне алғыс білдірді.

Иә, «Антқа адалдық ардың ісі». Менің әріптестерім бұл жұмысын азаматтық борыш деп санайды. Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімінде 3 маман жұмыс жасайды. Барлығыда жұмысына адал. Сондықтан болар өткен жылы шомылу маусымында қайғылы жағдай тіркелмеді. Әріптестерім бөлім басшысы Жақыпов Асқар Жетібайұлының жетекшіліген тиісті рейд жұмысын нәтижелі орындап отыр. Мамандар тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, табиғи апаттан сақтану туралы жадынамаларды дер кезінде таратады. Алдағы уақытта көктемгі өрттің алдын алу бойынша шаралар қолға алынады. Біз осы жұмысқада 100 пайыз дайынбыз. Алғыс айта мерекесі қарсаңында Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жақыпов Асқар Жетібайұлына және әріптестеріме мың алғыс айтқым келеді. Өткен жылы Астанада қызметтік борышын адал атқарып, көптеген адамды өлімнен арашалап қаламын деп ауыр жарақаттан қаза тапқан Асқар Серікұлы Забикулиннің ерлігі ел есінде. Бүгінгінің батырлары саналатын Төтенше жағдай департаментінде қызмет ететін барша әріптестеріме адал қызметтері үшін бас иіп, алғыс айтамын.

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!

Қоғамның қауіпсіздігі үшін тәулік дегенді білмейтін, күйбеңі көп күнделікті қызметте тер төге жүріп, өз міндетіне мінсіз берілген полицейлердің ісі қандай құрметке де лайық. Ел тұрғындарын ынтымақ-бірлікке үндейтін «Алғыс айту» күніне орай Қосшы қаласы Полиция бөлімі, Жергілікті Полиция қызметінің аға уческелік инспекторы Айдын Түсіпбаев Нұрланұлы халықтың тыныштығын күзететін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Қоғамның қауіпсіздігі үшін тәулік дегенді білмейтін, күйбеңі көп күнделікті қызметте тер төге жүріп, өз міндетіне мінсіз берілген полицейлердің ісі қандай құрметке де лайық. Ел тұрғындарын ынтымақ-бірлікке үндейтін «Алғыс айту» күніне орай Қосшы қаласы Полиция бөлімі, Жергілікті Полиция қызметінің аға уческелік инспекторы Айдын Түсіпбаев Нұрланұлы халықтың тыныштығын күзететін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *