Қосшыда өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Қосшы жаңалықтары
view 110
news

Қосшы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы КММ жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында 2023 жылғы 19 мамырда халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында жұмыссыздардың барлық санаттары (жұмыссыз азаматтар, жастар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, борышкер ретінде тұрған адамдар, халықтың әлеуметтік осал топтары) үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты-жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мен түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге жас мамандарға ең қолайлы қызықты, перспективалы жұмыс табуға, ал жұмыс беруші жаңа кадрларды таңдауға көмектесу. Бос орындар жәрмеңкесіне 12 жұмыс беруші қатысты, олар білім беру, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану және т. б. салаларда 57 бос жұмыс орнын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесіне Қосшы қаласының пробация қызметінің қызметкерлері мен жеке сот орындаушысы Данияр Маратұлы Құсайынов қатысты. Жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналастыру, тегін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізілді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары түсіндірілді. Қатысушылардың назарына ақпараттық және үлестірме материалдар (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпарат) ұсынылды. Аталған іс-шараға 43-тен астам жұмыссыз азамат қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша барлық қатысушылар кеңес алды. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен ізденушілер үшін барлық бос жұмыс орындарын, еңбек шарттарын бірыңғай электрондық еңбек биржасына (Enbek.kz) енгізу бойынша түсініктемелер берілді. Пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін 4 жолдама, 2 жолдама борышкер ретінде тұрған адамдар үшін, 3 жолдама жұмыссыз азаматтарға берілді. Қаламыздағы белең алып жатқан осы өзекті мәселені, жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту үшін бүгінгі жәрмеңкенің орыны тіптен бөлек. Алдағы уақытта Қосшы қаласында жұмыссыздардың саны азайып, халықты жұмыспен қамту орталығы табысты жұмыстар атқарады деп сенеміз.  

Тілеубек БАТЫС

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *