Жағажайда қауіпсіздік шаралары сақталуы керек
Қосшы жаңалықтары
252
Жаздың алғашқы күні Қосшы қаласында жағажай ашылды. Балалар күннің ыстығында жағажайдан шықпай, уақытын сол жерде өткізетіні анық. Осыған орай қауіпсіздік ережесін ескеруіміз қажет.
Кеше ғана Қосшы қаласында Халықаралық балаларды қорғау күнінде коммуналдық жағажай ашылды. Қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары балалар үшін әр түрлі ойындар өткізіп, ойыншықтар таратты. Жазды асыға күтетін бүлдіршіндер үшін бұл естен кетпес мереке болды. Дегенмен, балалар үшін қауіпті мезгілдің жаз екенін ұмытпағанымыз дұрыс.
Көптен күткен жаз келіп, демалыс мезгілі басталды. Дәл осы уақытта әртүрлі жазатайым оқиғалардың, жарақаттардың, күнге күйіп қалудың, судағы оқиғалардың ықтималдығы артады. Осы уақытта қырағылық пен сақтықты арттыру қажет.
Әсіресе, судағы қауіпсіздік ережесін ескеріп, сақтау – маңызды. Судағы қауіпсіздік ережесінде не бар? Нені ескеруіміз керек?
- Бала үлкендердің қадағалауынсыз суға түспеу қажет. Тіпі, үрлемелі дөңгелек пен матраста болса да, жалғыз өзін суға түсірмеңіз. Пәленің аяқ астында екенін ұмытпаған жөн.
- Ақыл-ойыңызды анық ұстау үшін жағажайда алкоголь ішпеңіз.
- Балалар суда тығылмақ немесе доп ойнауына рұқсат бермеңіз. Ойнағанын қаласаңыз, бірге ойнаңыз.
- Егер, жағажайда шатырдың астында орын қалмау қаупі болса, бұл сіз барлық уақытты күн астында өткізетіндігіңізді білдірмеуі керек. Бұл жағдайда бүкіл отбасы үшін арнайы қолшатыр сатып алу пайдалы болар еді.
- Балалардың суға түсу уақытын да бақылау қажет. Суық тиіп, су жұтып қойып ауырып қалу қаупі жоғары.
- Күннің ыстығынан қорғайтын крем жағыңыз. Баланың беті қүйіп қалуы мүмкін.
- Әуелі кенеден қорғану керек. Балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып, түгелдей жауып қойыңыз.
- Ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін.
- Күн өтіп кетпеуі үшін баланың басы әрдайым жабық екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, бас киімді салқын сумен ылғалдандыруға болады.
- Гипотермияны болдырмау үшін нәресте күн көзінде бір уақытта 10 минуттан көп жатпау керек.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)