Қосшыда мемлекеттік рәміздерді ұлықтайтын іс-шара өтеді
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі
«Менің Қазақстаным» акциясы аясында Қосшы қалалық қоғамдық мәдени спорт кешенінде 21 қараша күні сағат 11.00.де Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Қосшы қаласы әкімдігі бірлесіп танымдық семинар өткізеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру.
Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық мән-мағынасы және тарихы туралы сөз қозғайтын болады.

Геральдикалық зерттеулер орталығының негізгі қызметі туралы орталық директорының м.а. Шерхан Талапұлы, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі туралы орталықтың Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің басшысы Әділхайыр Мырзаханов, Мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Бижанов Асылжан Бижанов баяндама жасайды.
Бұл семинар ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру бағытындағы маңызды бастама.
Іс-шараны ұйымдастырушылар баршаңызды аталған іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырады.
Пікірлер (0)