Ауыл дәмі – Қосшыда
Қосшы жаңалықтары
469
Ауыл шаруашылығы – ел дамуының кепілі. Қосшы қаласы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында түрлі жәрмеңкелер өткізіп тұрады.
2023 жылдың 3 маусым күні Қосшы қаласы «Лесная поляна» тұрғын алабында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ет өнімдері, балық, сүт өнімдер, азық-түлік және т.б. тауарлар сатылымға шығарылады. Жәрмеңке көпшілік көңілінен шығып, жоғары дәрежеде өтті. Қосшылық тұтынушылар жәрмеңкеден азық-түлік сатып алып қана қоймай, қызыққа толы жәрмеңкенің куәсі болып қайтты. Бұл үрдіс халық үшін ғана емес, кәсіпкерлер үшін де пайдалы. Ауыл шаруашылығын дөңгелетіп отырған бірқатар кәсіпкерлердің, өнімдері көпшілік көңілінен шығып, еңбектері ақталды.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
«Қосшы Аруы – 2026»: сұлулық пен парасат тоғысқан кеш
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда V «Қосшы аруы» қалалық сұлулық байқауы өтуде
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда қырыққа жуық тұрғын жаңа пәтерлерге ие болды (ФОТО)


Пікірлер (0)