Қосшы қаласында көше жарығын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр

Қосшы жаңалықтары
view 46
news

Фотосурет: дереккөз

Биыл Қосшы қаласында көше жарығын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Жыл ішінде ондаған көше жарықтандырылып, жаңа шамдар орнатылды және бұрын істен шыққан бөліктері қалпына келтірілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең ірі жобалардың бірі – Қосшы қаласынан Тайтөбе ауылына дейінгі жолды жарықтандыру. Бұл бағыттың қауіпсіздігі айтарлықтай артты. Сондай-ақ Амансүгіров көшесінде, №1 мектепке дейін жаңа шамдар толық орнатылды. Алтын Қызық көшесіне де жарық жүргізіліп, Абай көшесінен Республика көшесіне дейінгі аралыққа қуаты 150 ваттық заманауи шамдар қойылды.

Республика көшесіне 200 ватт шамдар орнатылып, жарықтың бұзылған жерлері жөнделді. Бұл көшедегі жұмыстар әлі де жалғасады. Абай көшесіне де дәл осындай қуатты жаңа шамдар қойылып, кабельдер жөнделіп, ақаулар қалпына келтіріліп жатыр.

Арқалық көшесіне жаңа шамдар орнатылып, кабельдік желілер жаңартылды. «Солтүстік квартал» шағын ауданында көше жарығы толық қамтамасыз етілді. 19, 20-шағын аудандарына да жарық шамдары ішінара орнатылды.

Биыл тұрғындардан түскен 100-ден аса өтініш (шам ауыстыру, жаңа шам қою мәселелері) орындалды. Жалпы, бір жылда 50-ден аса көше жарықтандырылды.

Апаттардың алдын алу үшін РП және қосалқы станция нысандарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Электр желілеріндегі жүктемені азайту мақсатында РП-2 қосымша нысаны іске қосылды.

Жалпы, атқарылған жұмыстар Қосшы қаласының инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *