Қосшы қаласындадағы сайлау учаскелерінде Ұлттың ұлық асы - Наурыз көже берілді

Сайлау
view 63
news

Қосшы қаласында Ұлыстың ұлы күніне орай Наурыз көже фестивалі ұйымдастырылды. Елдегі маңызды саяси додаға қатысушы сайлаушыларға Наурыз көже ұсынылып жатыр, - деп хабарлайды janabastau.kz.

Сайлау учаскелерінде Ұлттың ұлық асы - Наурыз көже таңғы 07:00-ден бастап ұйымдастырылып жатыр. Сайлаушылар Наурыз көжеден дәм татып, өз таңдауларын жасап жатыр. "Еліміз үшін аса маңызды саяси додада ұлтымыздың ұлық асын қастерлеп ұсынуға Аналар кеңесі өзіміз ақылдасып шешім қабылдадық. Сайлау Наурыз мейрамы қарсаңында өткендік де осы жөн болар деген ой болды. Шамамен 70 литр шамасында Наурыз көже әзірленіп, қаладағы 7 сайлау учаскелерінде сайлаушыларға ұсынып жатырмыз", - дейді Қосшы қалалық аналар кеңесінің төрайымы Шолпан Өтегенова. Наурыз көже фестивалін естіген басқа да көп балалы аналар да акцияға қатысып көжелерін әкеле бастапты.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *