Қосшыда балалардың спорттық клубтары көбеюде
Спорт
330
Бүгінде Қосшы қаласында түрлі спорттық үйірмелер мен клубтар көбейіп келеді. Қазір мектеп жасындағы балалардың күрес түрлеріне қызығушылығы артып отырғынын байқауға болады. Саламатты өмір салтын ұстану және бұқаралық спортты дамытуда мұндай шағын үйірмелер мен клубтардың көбеюі құптарлық жайт. Сондай клубтардың бірі – «Q спорт» орталығы. Онда жиыны 40-қа жуық балалар жаттығу жасайды. Клубтың жаттықтырушысы – Жанатбек Байсеңгіров.
Жанатбек Бақтиярұлы – 1981 жылы Семей қаласында туған. Көкпекті ауданы Көкжайық ауылының орта мектебін тәмамдағаннан кейін, Семей мемлекеттік университетінің «Бейнелеу және дизайн» кафедрасын бітірді. 2005-2009 жылдары Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ассистент оқытушы, 2009-2014 жылдары Қазақстан-Ресей университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушысы, 2014-2019 жылдары Қазақ экономика және халықаралық сауда университетінің «Дизайн» кафедрасының аға оқытуышысы болып қызмет атқарды. Жанатбек Бақтиярұлы бейнелеу өнерімен қатар, жанына спортты серік еткен. Бұрынғы өткен аталарының жолын жалғап, күрес өнерінің бірнеше түрімен айналысып, биік нәтижелерге жеткен. Атап айтақанда, 1996 жылы (15 жаста) Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (38 келі салмақта, жас өспірімдер арасында), 1998 жылы самбо күресінен Марат Жақитов атындағы халықаралық жүлдесі үшін күресте 3-орын иеленіп, спорт шеберіне үміткер атағын алды. Сонымен қатар, қазақ және жудо күресімен айналысып, қалалық және республикалық жарыстардың жүлдегері болған.
Бүгінде Қосшы қаласында бапкерлік қызметімен қатар жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Балалары Едіге, Естияр әке жолын жалғап жудо күресімен айналысады. Бапкер Жанатбек Байсеңгіровтің інілері Талғатбек пен Айбек те спортпен айналысып, табысты нәтижелерге қол жеткізген.
«Оқу жылы басталған уақытта Қосшы қаласында жудо және қазақ күресі бойынша арнайы спорт орталығын ашуды жоспалап отырмыз», – дейді бапкер.
Пікірлер (0)