Қосшыда шығармашыл жастар байқауы жарияланады

Руханият
view 97
news

Құрметті Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының жастары!

Өңірімізде отбасы, еңбек және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еңбек адамына деген сый-құрметін арттыру, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында “Мұзбалақ” шығармашыл жастар байқауы жарияланады.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының жастары қатыса алады.

Байқауға қатысушылар эссе және поэзия бағыттары бойынша қатыса алады (қатысушы қай бағытта жұмыстарды жолдайтынын өзі таңдайды.

Эссе бағыты бойынша ұсынылатын тақырыптар:

1. “Отбасы құндылықтары”

2. “Тілге құрмет – елге құрмет”.

  Поэзия бағыты бойынша ұсынылатын тақырыптар (әр қатысушы төмендегі тақырыптарға сәйкес 3 өлеңнен жолдауы тиіс): 1. “Еңбек – өмірдің ажары” тақырыбы аясында мамандықтар мен маман иелері, еңбек құндылығы туралы балаларға арналған өлең; 2. “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” тақырыбы аясында ана тілі туралы өлең; 3. Еркін тақырыпта.

Жұмыстарды 15 қыркүйекке дейін word құжатында kitaphana.qosshy@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.

Автор өзі туралы деректерді: аты-жөні, оқу орны/жұмыс орны, туған күні, байланыс нөмірі қоса тапсыруы керек. Байланыс нөмірі: +7 (702) 271-41-28

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *