Қосшыда жаңа сауда орталығы ашылды

Қосшы жаңалықтары
view 275
news

14 шілде күні Қосшы қаласында «Мейіржан» сауда орталығы ашылды. Аталған жеке және көтерме сауда орталығын Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов қатысты. Әкім қаланың алғашқы сауда орталығын ашқан кәсіпкерді құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, алғаш ашылып  отырған сауда орталығының жұмысымен танысты. 1000 шаршы метр аумақты алып жатқан сауда орталығының 200 шаршы метрі ет сатуға, 800 шаршы метрі көкөністер мен жеміс-жидектерге арналған. Бұдан бөлек, сауда орталығында кондитерлік өнімдер мен құрғақ жемістер де сатылады. Сауда орталығын ашқан кәсіпкер Азамат Сермановтың айтуынша, сауда орталығы қала халқы мен кәсіпкерлерге қолайлы болмақ. Өнімдердің барлығы санитарлық тексерістен өткен. Онда 100-ден астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. «Бұл – Қосшы қаласының алғашқы көтерме сауда орталығы. Негізгі өнімді ұсынушылар – Нұр-Сұлтан қаласының «Шарын», «Шапағат» сауда орталықтары мен  әлеуметтік базарларына өнімдерін сатып отырған Қосшы қаласының азаматтары. Көкөністер мен жеміс-жидектер еліміздің оңтүстік өңірінен келеді, сондай-ақ жергілікті өнімдер де бар. Өнімдердің басым бөлігі өндірушілерден тікелей жеткізіледі. Сондықтан бағасы анағұрлым арзан. Қосшы қаласындағы агроөнеркәсіппен айналысатын кәсіпкерлерді осы көтерме сауда орталығына тарту жұмыстарын қолға алып жатырмыз», – дейді Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Фархат Ертайұлы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *