Қосшылық спортшылар жүлдемен оралды

Қосшы жаңалықтары
view 141
news

2023 жылдың 31 мамыр мен 03 маусым аралығында мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы «Надежда»  облыстық спартакиядасы  өтті. Шучинск қаласында өткен спартакиядаға Қосшылық спортшылар да қатысты.

Облыс бойынша жалпы командалық есеп бойынша Қосшы спортшылары  39 ұпай жинап,  5 орын иеленді. Ақмола облысы бойынша 19 команда 300 спортшы алуан түрлі спорт түрінен өздерінің ептілігін, дәлдігін, жылдамдығын танытты.

Қосшы қаласының спортшылары 3 күн бойы бағы мен бабы келісіп, жоғары нәтиже көрсете білді. Спорттың 9 түрінің  5 түрінен биік көрсеткіштерге жетіп, жүлделі орын алды. Олар: жеңіл атлетика, жүзу, пневматикалық мылтықтан ату, шахмат және тоғызқұмалақ.

1. Муканова Эльмира - I орын пневматикалық мылтықтан ату және I орын тоғызқұмалақ.

2. Тұрар Жұлдызай - II орын жеңіл атлетика және III орын тоғызқұмалақ.

3. Алланазаров Сағынбай - IV орын пневматикалық мылтықтан ату және V орын шахмат.

4. Сейтенова Кульжанат - IV орын шахмат және V орын тоғызқұмалақ.

5. Суюнжанов Абай -  IV орын жүзу және V орын шахмат.

Дене мүмкіндігі шектеулі жандар 3 топқа бөлінеді. Әрқайсысы өздерінің шамасы келетін спорт түрін таңдап, жаттығады. Тірек-қимыл қозғалысы зақымданған, көру мүшесі және есту мүмкіндігінен айырылған спортшылар деп бөлінеді.  Қатысатын, айналысатын спорт түрі де негізгі үш категория бойынша жіктеледі. Спорттың паралимпиадалық түріне жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, нысана көздеу, пауэрлифтинг, шаңғымен жарыс, арбамен билеу, отырып ойнайтын волейбол, волейбол, садақ ату, жағажай волейболы жатса, сурдлимпиадалық түріне футбол, шағын футбол енгізілген. Ал, паралимпиадалық емес спорт түрлеріне тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы «64» және дойбы «100» сайыстары жатады. Бұл жарысқа  да үш санаттағы: есту, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар қатысты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *