Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!
Руханият
102
Сіздерді Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өтетін «Топжарған» топтық зияткерлік ойынына шақырамыз.
Сайысты өткізу тәртібі:
- Сайыс бейресми ортада 3-5 адамнан құралған топтар арасында өтетін зияткерлік сайыс.
-Қатысушылардың жасы 18-ден асқан болуы керек.
-Сайыс 5 раундтан тұрады, әр раунда әр топқа 1 сұрақтан қойылады.
-Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
-1 минут аяқталған соң топтың 1 мүшесі соңғы әрі нақты жауапты беруі қажет.
-Әр раунд бойынша 10 балдық жүйемен ұпайлар беріледі.
-Сайысқа жалпы саны 5 топ (әр топта 3-5 адамнан) тіркеле алады.
-Сайысқа қатысу үшін өтінімдерді 23 қаңтарға дейін жіберу керек.
Сайыс кезеңдері:
1-раунд Миға шабуыл – логикалық сұрақтарды қамтиды;
2-раунд Тұлғаны таны: Мағжан Жұмабаев – қазақтың белгілі ақын-жазушылары туралы сұрақтар;
3-раунд «Мен жастарға сенемін» Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан сұрақтарға жауап беру;
4-раунд «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» – шығармашылық тапсырмалар беріледі.
Өтетін орны: Қосшы қаласының Тілдерді оқыту орталығы (Республика көшесі 28)
Күні: 2023 жылғы 24 қаңтар, сағат 11:00-де
Байланыс нөмірі: 87753725158
Email: qosshy_too@mail.ru
Пікірлер (0)