МӘМС жүйесі өзгереді

Жаңалықтар
view 89
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын таныстырды, - деп хабарлайды janabastau.kz Massaget.kzт-ке сілтеме жасап.

Негізгі өзгерістердің бірі - медициналық көмектің бірыңғай пакетін енгізу. Министрдің айтуынша, бұл әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте диагностикалауда мемлекеттік кепілдікті кеңейтуге көмектеседі.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, бірыңғай пакет медициналық көмек жүйесін неғұрлым түсінікті әрі ашық етеді, қызметтер қайталануына жол бермейді. Бұл бүкіл жүйенің қаржылық тұрақтылығын арттырып, азаматтардың МӘМС-ке белсенді қатысуын ынталандырады.

"Жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін, яғни ең төменгі жалақының 10-нан 50-ге дейін мөлшерінде арттыру ұсынылады. Бұл өзгерістер барлық жалдамалы жұмысшының шамамен 9 пайызына немесе 508 мыңға жуық адам мен олардың жұмыс берушісіне әсер етеді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, 2027 жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылатын МӘМС-тегі мемлекеттік жарна үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.

"2015 жылғы МӘМС туралы заңның бірінші редакциясында белгіленген бастапқы қаржы моделіне ішінара қайтару ұсынылды. Заң жобасында мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен (2027 жылдан 2037 жылға дейін) 3 пайызға (әр екі жылда 0,5 пайыздан - еск.), яғни 2 пайыздан 5 пайызға дейін арттыру көзделген. Қосымша жинақталатын қаражат МӘМС жүйесі арқылы денсаулық сақтау жүйесінің шығынын белгілі бір мөлшерде жабады", - деп толықтырды Әлназарова.

Заң жобасында жұмыссыздар мен дағдарыс жағдайындағы адамдар үшін МӘМС жарнасын жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлеу көзделеді.

Министрдің айтуынша, осы шаралардың арқасында 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша миллионнан аса қазақстандық қамтылмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *