Лифтіде сүйіскен еркектер: Екеуіне қатысты тың дерек шықты
видеодан скрин
Астанада лифтіде аймаласып, сүйіскен екі еркекке қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Сотта оның бірі лифт есіктерін бірнеше рет жұдырықпен ұрып, бейнебақылау камерасын қасақаны бүлдіргені анықталды.
Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындап, мас күйінде құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді.
«Құқық бұзушылықты жасау мән-жайлары, құқық бұзушының түсіндірмесінен басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, түсініктемелермен және полиция инспекторының баянатымен расталды.
Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі және 434-бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Шығын өтелмегендіктен, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды», — делінген қалалық сот хабарламасында.
Пікірлер (0)