Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 134
news

Фотосурет: видиодан скриншот

Кеше, 18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан екі адам мерт болған.

Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандардың арасында үш өрт сөндіруші бар. Барлығы да ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *