Туған баласын аяусыз сабаған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Жаңалықтар
view 346
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Жаркент қаласында кәмелетке толмаған баласын батареяға байлап, ұрып-соққан әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода әйел мектеп жасына толмаған баланы батареяға тіреп, аяусыз сабалаған. Оған қоса тепкілегені де анық көрінеді. Пәтерде бұдан бөлек тағы үш бала бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, жауыздық танытқан келіншек бүлдіршіндердің туған анасы. Көптің ашуын келтірген бейнежазбаны әкесі түсіріп, желіге таратқан көрінеді.

Заңгер Жанерке Кеңесбаеваның сөзінше, оның жолдаған өтініші негізінде бейнежазбадағы әйел мен видеоны түсіріп тұрған ер адам Панфилов ауданы полиция басқармасына жеткізілген.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жай анықталғанға дейін олар Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдарына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру туралы ресми ұсыныс жолданған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *