Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы

Жаңалықтар
view 148
news

Сурет: Ақорда

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, — деп хабарлайды janabastau.kz.

Ол құттықтауын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Құрметті достар!

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дәл осы күні Қазақстан әлем картасына азат мемлекет ретінде қосылды. Дүние жүзі бізді дербес ел ретінде танып, мәртебеміз биіктеді. Сондықтан еркіндік пен елдіктің қадірін арттыратын мейрамды ұлықтау айрықша маңызға ие.

Шын мәнінде, Тәуелсіздік – біздің баға жетпес бағымыз бен байлығымыз. Сол себепті, оны көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы.

Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың бәрі, бірінші кезекте, аталған маңызды міндетті мақсат тұтады. Осы жолда ұлт болып ұйыса білсек, мемлекеттілігіміз нығайып, тұғырымыз бекемделе түсері сөзсіз.

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, құт-береке және елімізге амандық тілеймін!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!, – деді Мәулен Әшімбаев.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *