“Мазасын алған”: Көршілері Айгүл Иманбаеваның үйіне полиция шақырды

Жаңалықтар
view 2346
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Өнер иесі өз шаңырағына эстрада жұлдыздарын шақырған, деп хабарлайды janabastau.kz Aqmeshit.kz сайтына сілтеме жасап.

“Сонау 1994 жылдан, студенттік кезден бірге келе жатқан жақын достарым, жекжаттарым. Жылдағы сағынысып көрісетін "Соғым party-ға” шақырдым. Мен жоқ болсам, жан-жаққа шашырап жүреді. Осылардың басын қосайын деп жинап жатырмын. 31 жылдан бері келе жатқан сенімді серіктерім”, – деп жазды әнші.

Алайда өнер иелерінің отырысы көршілеріне ұнамаса керек, полиция келіп, қонақтарды таратып жіберген.

“Мазасыз көршім полиция шақырып, отырысты ерте аяқтауға тура келді. Айгүл Елшібаева концертті үйдің алдында жалғастырған. Полиция келіп, бір ән салуымыз кем болып қалды. Аттың басын жіберген отырыс болды”, – деді өнер иесі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *