МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БІР ТОП АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ
Қосшы жаңалықтары
148
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысында белсенділік танытқан бір топ азаматқа мерекелік марапат табыстады.
Салтанатты жиында Гайдар Қабдоллаұлы қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 2022 жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болғанын атап өтті.
Қала әкімі моноқаланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға және Президент сайлауы жұмыстарында белсенділік танытқан бір топ азаматқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік жиынға қатысушыларға республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Ерлан Қошановтың және орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың Алғыс хаттары да табысталды. Марапатталғандардың қатарында Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Б.Ибраев, мәслихат депутаттары А.Төребаев, Қ.Дүйсекеев және мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстарының жетекшісі Н.Сүлейменов бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен білім саласының үздіктері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері де марапат төрінен көрінді.
Оқи отырыңыз

Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласының дамуы жаңа белеске көтерілуде

Қосшы жаңалықтары
Марат Ахметжанов Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласының әкімі қала тұрғындарымен кездесті кездесті
Пікірлер (0)