Министр қыркүйектен бастап Қазақстан оқушыларын қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Алдымыздағы жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектепте жасанды интеллект енеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
«Жаңа оқу жылының ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енеді. Ол үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді. 1-11-сынып оқушыларына арналған Дэй-оф-эй-ай («Day of Al») онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді», - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, қыркүйектен бастап «Келешек мектептері» моделін басқару жүйесі іске қосылады.
«Осы мақсатта «Келешек мектептерін» басқарудың және аккредиттеудің стандарттары әзірленген. Онда үш деңгейлі курстардан өткен 3 мыңнан астам педагог жаңа оқу жылында жаңаша жұмыс бастайды», - деді Бейсембаев.
Министрдің ақпаратынша, биыл елімізде 8 мыңан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алады. Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. 11-ші сыныпқа 232 мың оқушы өтті.
Пікірлер (0)