Тағы бір жұлдыз: Қызылордалық әнші танымал ресейлік жобаның жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан кадр
Ресей сахнасын дүр сілкіндірген қазақ жігіті – қазыларды алғаш секундтан-ақ баурады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Омбыда өткен «Ну-ка, все вместе! Халықтық кастинг» жобасында күтпеген жерден нағыз музыкалық сенсация орын алды. Қызылорда қаласынан келген жас талант Ернұр Такен алғаш рет ірі ресейлік тележоба сахнасына шығып, көрермен мен қазыларды бірден таңғалдырды.
Әнші Адельдің When We Were Young атты мұңлы хитын шебер орындап, артынша «Айтыңдаршы, қыздар» романсының жалынды құштарлығымен сахнаны қыздырды. Бір сәттегі нәзіктік пен жалын арасындағы контраст қазылар алқасын ерекше әсерге бөледі.
Сахнадағы шынайы эмоция, қуатты дауыс пен ерекше энергетика – бәрі де қазылардың шешімін айқындап, Ернұрды еш күмәнсіз келесі кезеңге өткізді.
Пікірлер (0)