Мұқағалиға тіл тигізген блогер желіге оралды
Сурет: Ашық дереккөзден
Әлішер Теменов бұған дейін қарасаздықтардың талабымен әлеуметтік желідегі парақшасын жауып қойған еді. Желіні шулатқан рилсмейкер, желіге оралды, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Блогер жеке парақшасына ақын Қайнар Алагөзовтың өлеңін жариялады.
Қатемді кешіріңдер,
Тербеткен бесігімді ел.
Ертеңге сабақ болар,
Ескіріп осы күндер
Өкпені өшіріңдер.
Сөз беремін,
Мен енді өзгеремін,
Отаным жоқ
Өзіңнен өзге менің.
Еске салсақ, бұдан бұрын желіде танымал блогер Әлішер Теменов қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген еді. Оның видеосы желіде үлкен резонанс тудырып, сынға қалған.
Кейін блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болды.
Ақынның ескерткіші алдында тізерлеп кешірім сұраған еді.
Пікірлер (0)