Талғарда изолятордан қылмыскер қашып кетті: тың деректер белгілі болды

Жаңалықтар
view 780
news

Ашық дереккөз

Күні кеше Алматы облысындағы Талғар қаласында төтенше жағдай болды: адам зорлады деген күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен. Бұл жайтқа қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды janabastau.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып жатыр. Көршілерінің сөзінше, 26 жастағы ер адам кәмелетке толмаған туыс қарындасын зорлағаны үшіні ұсталған. 

Түнде қала бойынша блокбекеттер қойылып, күндіз олар алынып тасталды. Ер адам темір торға түсер алдында Тереңқара ауылында тұрған екен. Оның үйін полицейлер бақылауға алды. Туыстары журналистермен сөйлеспей қойған. 

Күдікті ер адамның көршілерінің сөзінше, ол бұған дейін де жауапқа тартылған. Кейіннен анасымен бірге тұрған. Бір жылдары анасы 8-сыныпта оқитын немере қызын асырап алған. Ер адам сол қызды зорлаған. Бұл туралы алғаш болып мектеп мұғалімдері білген. 

"Ер адам қызды зорлағаны туралы мұғалімдері анасына айтып берген. Оқиға жазғы каникул кезінде болған. Мұндай жағдайлар бұған дейін де болған екен", - дейді тұрғындардың бірі. 

Тергеу изоляторының жан-жағында камералар тұр. Бақылау-өткізу аймағында кезекшілер отыр. Алайда күдікті тергеу изоляторынан күдікті қалай қашып кеткенін ешкім түсіндіре алмаған. 

Қазіргі уақытта полицейлер қоғамдық орындарды аралап, бақылау камераларын зерттеп жүр. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *