«Нағыз ақылсыздық»: Омар Жәлел той жасай беретіндерді аямай сынады

Жаңалықтар
view 133
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Абайтанушы Омар Жәлел қазіргі қазақ қоғамындағы той мәдениеті туралы пікір білдіріп, өз көзқарасын ортаға салды. Бұл туралы ол ютубер Ұлан Құрманғалиевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қоғамда кең тараған «қазақтың тойы бітпесін» деген түсінік тереңірек ойлануды қажет етеді.

«Қазақтың тойы бітпесін” деген – ең жаман сөздердің бірі. Кейбіреулер “орыс келіп тілімізді алды, кәріс келіп мысымызды алды, бірақ қазақтың тойын ешкім ала алмады” деп мақтанып айтады. Тойды ешкімге бермейміз дейді. Бірақ осыны біз шын мәнінде дұрыс түсініп жүрміз бе? Бұл – мақтанатын нәрсе емес», – деді ол.

Абайтанушы тойдың шектен тыс көп болуы қоғамға кері әсер ететінін атап өтті.

«Той тойлай беру – уайымсыздықтың ең жоғарғы көрінісі. Ал уайымсыздық – ақылсыздықтың белгісі. Өйткені адамда жауапкершілік сезімі азаяды. Той бізді жинақы, тәртіпті, мақсатқа ұмтылған ұлт қылмайды, керісінше босаңдыққа итермелейді», – деді Омар Жәлел.

Оның пікірінше, шектен тыс тойшылдық қоғамның дамуына да кедергі келтіруі мүмкін.

«Біз әрекет етудің орнына, уақытты көбіне той-думанға жұмсаймыз. Бұл – болашақты ойламау. Егер ұлт ретінде дамимыз десек, ең алдымен тәртіп пен жауапкершілікті күшейтуіміз керек. Той – дәстүр, бірақ ол өмірдің басты мақсатына айналмауы тиіс», – деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *