Неміс, португал немесе чех сияқты орыстың да өлгісі келмейді
Фото: rtvi.com
Соңғы апталарда батыс әлемі Курск облысында болып жатқан оқиғаларға таң қалып отыр. Жоқ, жоқ, бұл жолы әңгіме Украина армиясының таңғажайып әскери жетістіктері туралы емес.
Әлем басқаларға таң қалып отыр - Ресей Федерациясының егеменді аумағына басып кіріп қана қоймай, тіпті ор қазып бекіне бастаған дұшпанмен соғысқысы келмейтін ресейліктердің жайбасарлығы.
Бұл қалай болуы мүмкін?!
Жиырма жыл бойы ресми насихат ресейліктерді олармен байланысы жоқ нәрсеге қызығушылық танытпауға тиіс екеніне сендірді. «Өз өміріңізбен өмір сүріп, қалғанын бізге қалдырыңыз», - деді билік өкілдері өз халқына. Осы арқылы азаматтың идеалды генотипін - пассивті және немқұрайлы эгоистті өмірге әкеле отырып, өз дегендеріне осылайша қол жеткізді.
Еуропалықтар үшін Курск облысында болып жатқан оқиғалар - «соғыс» деген сөзді атағанда сіріңке тәрізді өртеніп, балта мен айыр ұстап, биліктің шақыруымен Русь-ана үшін өлуге барған қорқынышты және жауынгерлік орыс адамдары туралы ежелгі стереотиптердің бірін жоқ қыла алды.
Айтпақшы, тек еуропалықтар ғана емес, басқаларда ғасырлар бойы қарын тоқтығына емес қару беріп соғысуға керемет қабілетті орыстық жауынгерлік рухтың мызғымастығы туралы эпикалық оқиғаларды тыңдап келді емес пе? Тіпті ешкімді мойындамаған Дональд Трамп та мезгіл-мезгіл Ресейдің Наполеон мен Гитлерді жеңгенін еске алады. Ал бүгін мұның бәрі қайда? Рухтың ұлылығы қайда кетті?
Неге орыстар соғысқа кенеттен салқындап, еуропалықтардың ұжымдық санасында ғасырлар бойы қалыптасқан жауынгер ұлт туралы түсінікті жойды? Айтпақшы, Голливуд керемет сомдаған ядролық от жағып әлемді өртеуге дайын әрдайым мас болып жүрген әскери мундирдегі ресейлік генералдар қайда кетті? Егер Ресей армиясының қазіргі генералдары соңғы онжылдықта әлдебір нәрселермен ерекшелене алса, онда олар тек ақшаға, қала сыртындағы виллаларға және «Мерседестерге» деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді.
Бір сөзбен айтқанда, батыстағылар өздерін күткендей емес, жаугерлігіне тәу етіп жүрген орыстарға мүлдем таң қалып отыр. Шеврондарында үш айыры бар жау армиясы сексен жыл бойы жау етігі баспаған Курск облысының қасиетті жерін таптап, Белгород облысына ұмтылып, Мәскеуге дрондармен шабуыл жасайды. Алайда басшының «Ағайынды-қарындастар!»... деген сөзімен үндеуі де, Левитанның мәліметтері де, әскери комиссариаттардың қақпасында еріктілердің кезегі де бола қойған жоқ. Егер ондай кезек болса, эвакуациялық автобустарға ғана...
Ашуланған Z-патриоттар Курск облысының тұрғындарына мынадай сөздермен басталатын ашуланған үндеулерді жаза бастады:
"Эй, сіздерге не болған? Сіз ер адамсыз ба, әлде қалай? Неге қашып барасыз, неге қолыңызға қару алып, жауға тойтарыс бермейсіз? "
Бұл соғыстың ерекшеліктерінің бірі - жер шарының алтыдан бір аумағын алып жатқан елдің тарихында алғаш рет оның армиясы адам күші тапшылығын бастан кешіп отыр. РФ армиясының қазіргі саны Украинаның Шығысында сантиметрлеп қана алға жылжуға мүмкіндік береді. Бірақ одан артық алға басу еш мүмкін емес. Бұл тіпті орыстармен соғысу мүмкін емес деген аңыздар мен сенімдер рухында тәрбиеленген еуропалықтардың түсінігінен де тыс дүниеге айналды.
Билік соғысуды ұйғарды - соғыссын, оған кім кедергі жасайды? Оның мұнайы мен газы бар, бюджеті бар, ақшасы бар, қаруы бар, армиясы бар - ендігі жерде ол укроптармен айналыссын деген ойда Ресей халқы.
Үмітсіздіктің алғашқы белгілері 2022 жылы, Украинаға басып кірген алғашқы сағаттардан кейін пайда болды. Ол кезде бұл соғыстың ұзақ болатынын және оккупациялық армия Украинаға кірген сәтте-ақ әскер санының ұзақ уақытқа жетпейтінін санада қылаң берді.
Сол кезде соғысты сөз жүзінде қолдаған Ресей азаматтарының көпшілігі оған шын мәнінде қатысқысы келмейтіні соқырға таяқ ұстатқандай белгілі болды. Z әрпі түріндегі әскери сапқа тұру, украиндықтарды нацистер деп атау, Путинді Киевке атом бомбасын тастауға шақыру - өтінемін айтуға келгенде Ресей халқы алдарына жан салмады. Бірақ осы жолда күресуге келгенде кежегелері кері тартты. Билік соғысуды ұйғарды - соғыссын, оған кім кедергі жасайды? Оның мұнайы мен газы бар, бюджеті бар, ақшасы бар, қаруы бар, армиясы бар - ендігі жерде ол укроптармен шындап айналыссын! Бізге еш келіп кетері жоқ. Ал маған және менің отбасыма тиіспеңдер!..
Алғашқы бірнеше аптада билік әдеттегідей азаматтардың патриоттық сезімдеріне жүгініп: «Сен еріктілер қатарына жазылдың ба?» деген тарихи әуеніне баспақта болды. Онысынан түк шықпағаны белгілі. Соғысатын – билік, біз – тек қолдаушы деп бұқара жұрт даурықты.
Бірақ уақыт өте келе, еуропалықтардың және, біздіңше, Кремльдің жоғары басшылығын таң қалдырған жайт қарапайым ресейліктердің патриоттық үндеулерге мүлдем жауап бермейтіндгі болды. Соловьевтің Отан үшін өлу - ұлы құрмет деген дамбалын басына кие даурығуы ардагерлерінің аяр күкісін тудырып, көлеңкесімен сөйлескен жындының қалыпты тірлігіне айналды.
Ұжымдық апатия көрінісі өзінің барлық әлеуметтік ажарсыздығынан туындауыншылығының әсеріне ресейлік насихат бұл мәселеге басқа жақтан келіп, өз отандастарының миына соңғы жиырма жылда орыс еркектерінің бәрі ақырған айғыр сияқты, өлген-тірілгенін білмейтін киборгтар болса, еуропалықтар әдетте азып-тозған, әлсіз және сексуалды жұтаңданған дегенді әбден сіңірген болатын. Енді жемге-жемге келген шақта соғыстан бойын ала қашқан ресейліктердің еркектік қадір-қасиетіне шағымдана бастады.
Ресейдің ірі қалаларының бірінде болған кез келген адам, әрине, мұның бәрі бос нәрсе екенін түсінеді, тұрмыстық мағынада орыс еркектері - немістер немесе поляктар сияқты еуропалықтар, олар жақсы өмірге, жұма кештеріне, асқабақ латтасына және өмірдің басқа да сұлулықтарына үйренген. Ал орташа статистикалық орыстың өлуге деген құлшынысы неміс, португал немесе чехтікіндей түсініксіз дүниеге айналып үлгерген.
Бірақ кез-келген насихат өздерінің дегенін қылуға кедергі келтіретін ыңғайсыз шындықты бұғаттап, оны айналып өтіп, орыс әлемін өзіне лайықты арнаға бұруға барына сала тырысатыны белгілі. «Астындағы аттарын өткелде ауыстырған», ресейлік насихатшылар патриоттық ұрандарды кейінге қалдырып, «түсінікті» дәлелдерге көшті.
«Сен еркек емессің бе? Ал қаруланып, шайтаншыларға қарсы шайқасыңдар, нағыз ер адам сияқты!»- деген сарында олар бірнеше ай бойы барлық зомби жәшіктерден зорлана да, зарлана да таратты. Нәтижесі белгілі.
Алайда «пацандық» үндеу де ештеңе бермеді. Керісінше Илья Муромецтің, капитан Тушиннің және Краснодонның жас гвардиясының ерліктерімен тәрбиеленген орыс еркектері бұрынғысынша әскери комиссариаттардың маңын топырлай шаң қылудың орнына, Украинадағы соғыстан қашып, Оңтүстік Кавказ пен Орталық Азия мемлекетіне босып, елден кетіп қалды.
Міне, барлық насихаттық құрал-саймандар ештеңе бермеген кезде билік қарап қалмай, өз тарапынан ақылға қонымды шешім қабылдады. Егер «Отанға деген сүйіспеншіліктен майданда өлгіңіз келмей ме? Онда біз төлеген ақшаға өліңдер!».
Шынында да, бұл қадам ешқателіксіз шешім болып табылатын себебі ақша кез келген мәселенің әмбебап шешімі болып қала береді. Нәтижесiнде күйзелiске ұшыраған ресейлiк өңiрлердегi қаржылық уәждеме соловьевтiк патриотизм мен ерлердiң ар-намысы туралы айғақтардан әлдеқайда тиiмдi жұмыс iстедi.
Тек бір кездері жан-жағын жайпаған жаугер Ресейдің мұндай жағдайға қалай жеткенін түсіну ғана қалды.
Бәлкім, бірнеше факторлардың тоғысуы шешуші рөл атқарған болар. Біріншісі - ресейлік қалалардағы өмір сүру салты мен деңгейін өзгерту. Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Ростовта, Краснодарда, Қазанда қару ұстауға және соғысқа қабілетті жастар тым жалқау, жайлы өмірге үйреніп қалғандар болып табылады. Донбасстың орыс тілді тұрғындарының проблемаларын шешуге атсалысуға бел шеше кірісуге немесе украиндықтардың НАТО блогымен flirt етуіне тосқауылға көздері үйренген күнделікті игіліктерін айырбастау үшін болашақта шейт болу немесе ең оңды дегенде аяқ-қолсыз қалуға иландыру жолында әлдеқайда салмақты себептер қажет. Өмір салты бойынша орыс қалалықтары - еуропалықтар. Сәйкесінше, дағдарыс жағдайларындағы олардың мінез-құлқы да еуропалықтарға жақын.
Бұл Кремль насихатшыларының аузында орыс еркектері - тұтастай отбасы тұтқасы мен бала болшағын құрметтейтін ер адамдар. Ал шындығына келгенде олар тек қарақан басын ғана ойлайтын әлдеқашан жайлы өмірдің бесігіне бөленген, оларға «ер адамдар» түсінігінің көк тиындық та құны жоқ. Олар ЛГБТ қоғамдастығына қарсы еш қауқарда қылмайды. Ал, олардың дініңе түкіргені бар жандар. Ел неғұрлым өркениетті әрі бай болса, соғысшылдық рухтағы адамдардың саны кеми түседі. Бұл соншалықты айқын дүние болып табылады. Кремльдің тап осы факторды неге ескермегенін іщтей болжауымыз ғана қалады.
Екіншіден, «Әйелдер әлі де бала тауып береді» деген жуковтық ұранның күні өткен. Дәл қазіргі таңда «Әйелдердің етегі» Ресейдің бағын асырмайды, керісінше қашырады. Бүгінде орташа статистикалық орыс отбасысы екі баладан кем болмаса, артық емес. Бұған сәйкесінше, жүз жыл бұрынғы отбасында алтыдан он екіге дейінгі бала болған кез келмеске кеткен.
Бірде-бір ана ұлын соғысқа жібермейді. Ресейлік насихат осы факторды да елемеді. Өйткені, тууы төмен елде әскер жинау - аса үлкен проблема. Ал Ресейде бала туу ешқандай ЛГБТ насихаты мен гей-шерулерінсіз - шамамен Еуропа деңгейінде қалып отыр.
Үшіншісі - саясат. Жиырма жыл бойы ресми насихат ресейліктерді олармен байланысы жоқ нәрсеге қызығушылық танытпауға тиіс екеніне сендірді. «Өз өміріңізбен өмір сүріп, қалғанын бізге беріңіз», - деді билік өкілдері. Ақырында билік насихаты өзінен басқаны ойламайтын су жаңа ресейліктердің өмірге келуіне қол жеткізді.
Иә, бейбіт уақытта бұндай ресейліктерн билік ыңғайлы болар еді. Бірақ егер соғыс болса, елге бұндай немқұрайлылар емес, нағыз идеяға берілген жауынгер жұрт керек. Бірақ оларды дәл қайдан алуға болады?
Бәріне немқұрайлы қарау өмір салтына еніп кеткені сондай: Бүгінде олардың Ресейде не болып, не қойғанына еш бастарын ауыртпайды. Мысалы, Мәскеу Курск облысында не болып жатқанына еш мән бермейді. Тек Мәскеуде ғана жақсы болса болды! Тіпті Белгород мен Брянскіде де көрші Курскіде не болып жатқаны бәріне де маңызды емес...
Ал, қазіргі Ресей билігі өзі қалаған нәрсеге «Мемлекеттен тек өзін жайына қалдыруды ғана қалайтын немқұрайлы азаматтарға» ие болды.
Орыс сатиригі Михаил Жванецкийшелесек: «Енді талқылайтын ештеңе жоқ – бәрі асып төгіліп кеткен!»
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар
Пікірлер (0)