ҚАЗАҚСТАНҒА АЭС КЕРЕК!

Пікір
view 137
news

Сурет: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары қоғамның қызу талқысына түскен тақырыптың бірі – елімізде Атом электр стансасын салу мәселесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, елімізде АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдеген болатын,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Бүгін, мемлекет басшысының АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтетінін  БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді. 

- "Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек. Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды",-деді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *