Нұрайдың өлімі: күдікті психиатриялық клиникаға жатқызылды

Жаңалықтар
view 22
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психиатариялық клиникаға жатқызылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының полиция департаменті.

Күдіктіге қатысты тергеу адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг баптары бойынша әлі де жалғасып жатыр. Тергеу барысы бақылауда, дейді полицияда. 

"Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына қамалады", - дейді Шымкент қаласының полиция департаментінде.

Полицияның айтуынша, тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста. Үздіксіз байланыс қамтамасыз етіліп, қабылданған процестік шешімдер бойынша түсіндірмелер беріліп, заңда белгіленген тәртіппен тергеу барысы туралы ақпарат жеткізілып жатыр.

Сондай-ақ сараптама қорытындылары мен іс материалдары түсіндіріліп жатыр, дейді полицияда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *