Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды

Спорт
view 562
news

Фотосурет kaz.nur.kz сайтынан алынды

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасының боксшысы Кристиан Хавьер Пиналеспен кездесті. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (3:2). Енді отандасымыз Нұрбек украиналық Александр Хижняк пен пен кубалық Арлен Лопез жұбының жеңімпазымен Париж Олимпиадасының алтыны үшін жұдырықтасады. Финалдық бәсеке 8 тамызға жоспарланған. 

Айта кетейік, әйелдер құрамасының боксшысы Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алған еді. Енді Назым финалдық бәсекенің жолдамасын қытайлық боксшы Ву Юмен сарапқа салады. Жеңсе, алтын медальға таласады. Ал жеңіліс тапса, қола жүлде еншілейді. Жекпе-жек 7 тамызға қараған түні 01:00-де болады.

Осыған дейін қазақстандық боксшы қыздар Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) алғашқы жекпе-жекте жеңіліп, Олимпиаданы аяқтаған еді.

Ерлер арасында тек Нұрбек Оралбай (80 кг) жартылай финалға жолдама алды. Ал Айбек Оралбай (92 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) және Cәкен Бибосынов (51 кг) жарыс жолынан шығып қалды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *