Қазақстан Париждегі төртінші медаліне қол жеткізді

Спорт
view 750
news

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов Қазақстанға Олимпиаданың күміс медалін сыйлады, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Отандасымыз тұтқалы ат жаттығуында жүлдеге ие болды. Нариман 15,433 ұпай жинады. Ал ирландиялық Рис Маккленаган (15,533) Олимпиада чемпионы атанды.  

Осылайша, Қазақстан Париждегі төртінші медаліне қол жеткізді.

Бұған дейін отандық спортшылар бір алтын, екі қола медаль алған болатын.

Дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) алтыннан алқа тақты.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) Олимпиада турнирінің қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ 10 метрден пневматикалық мылтықпен атудан аралас командалық сайыста өнер көрсеткен Ислам Сәтпаев пен Александра Ле ел қоржынына қоланы сыйлаған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *