Олжас Бектенов: 100 АЕК-ке қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз

Жаңалықтар
view 450
news

Видеодан скриншот

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 100 АЕК-ке қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем, 385 отбасы келтірілген материалдық залал үшін өтемақы алды. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», - деді Олжас Бектенов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *