Ресейдің ағызған суы БҚО-дағы жағдайды күрделендіріп отыр - ҚР ТЖМ

Жаңалықтар
view 344
news

Видеодан скриншот

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр. Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ, - деді вице-министр. 

Төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды және көлік байланысын қалпына келтіруге қатысты. Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.

Вице-министрдің айтуынша, құтқарушылар мен барлық тартылған қызметкерлер тәулік бойы және өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда су тасқынын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ қатысуда.

10 өңірге авариялық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін көптеген арнайы техникалар мен басқа да мүліктер жедел броннан шығарылды. Осы техникалар мен қосымша күштер Қазақстан темір жолы арқылы өңірлерге уақтылы жеткізілді. 

Қазір кейбір күштер өз аймақтарына оралуда.  ТЖМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастыруда, - деп атап өтті вице-министр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *