"Өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ": актер Жахан Отарғалиев

Жаңалықтар
view 826
news

Сурет: Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер, продюсер Жахан Отарғалиев өзіне қойылған диагнозы және басынан өткен ауыр кезең туралы журналист Зарина Мүсілімге ашып айтты.

"Жахан, сенің физикалық тұрғыда балаң болмайды" дегені бір. Оның үстіне, мұны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді маған. Бұрын сезетінмін.  Біраз жыл жүрдік қой. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды. Мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылады. Сол маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру, еш нәрсе қызық болмай қалады. Жиналып алуыма пайғамбарымыздың өмірбаяны себеп болады", - деді актер.

Ол өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ екенін атап өтті.

"Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе… Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю… бұл бақыт маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді… Мені депрессияға ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой…", - дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *