Өз ұлын өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
Сурет: Ашық дереккөзден
Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға "Нұрсәт" шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Пәтерде әке мен бала арасында жанжал шыққан. Жанжал пышақтасумен аяқталып, сотталушы 28 жастағы ұлына бірнеше рет пышақ сұғып, кейін тамағын кесіп тастаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
Сот құқық бұзушыны психиатриялық диспансерге мәжбүрлеп емдеуге жіберді. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында ер адамның есі дұрыс емес екені белгілі болды. Прокурор айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.
"Соттың қорытындысы куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және сот сараптамасының қорытындыларымен расталады. Прокурор А.Шаймурзаевты “тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес жағдайда жасағаны үшін” қылмыстық жауапкершіліктен босатуды және оған емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың пікірімен келісті", – делінген сот хабарламасында.
Пікірлер (0)