«Өміріңді сақта» рейдтік іс-шарасы өтті

Қосшы жаңалықтары
view 208
news

30 шілде күні Қосшы қаласының ТЖБ және аstana_volontery_lider бірлесіп «Өміріңді сақта» рейдтік іс-шарасын өткізді. Қазіргі уақытта қаладағы су айдындарында коммуналдық жағажай жоқтың қасы. Сол себепті, барлық демалушыларға судағы қауіпсіздік жайлы дәрістер оқылды. Суда адамдардың  қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережесін өрескел бұзу. Демалушылар белгіден ары асып, тиым салынған жерлерге суға түседі. Сондай-ақ, мас күйінде суға түсу жайттары да көптеп кездеседі. Есіңізде сақтаңыз! Жақсы жүзу – қауіпсіздіктің белгісі емес. Сізге қызық дерек айтайын: суға бататындардың басым бөлігі жақсы жүзетіндер. Оның себептері көп:
  • Масайып, менмендікке салыну
  • Өзінің жүзу дағдысына шектен тыс сенімділік
  • Аяқ-асты оқыс жағдайдың орын алуы
Суға батып, қайтыс болған адамдардың көбінің аяғы құрысады. Дененің бұл реакциясы температураның күрт өзгеруіне әкеледі. Ыстықта немесе физикалық қозғалыстан кейін шомылудың да өз қаупі бар. «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөзге мән беріңізші. Жалғыз шомылмаңыз. Жаныңызда көмек көрсетер бір жанның болғаны абзал. Егер адам сіздің көзіңізше батып кетсе не істеу керек?  Егер, өзіңізге тым сенімді болсаңыз асқан сақтықпен әрекет жасау керек. Құтқарған уақытта батып бара жатқан адам  сізді ұстамауы керек. Шашынан немесе қолтығынан демеп, бетін жоғары қаратып, оған құтқарушыны ұстауға мүмкіндік бермеу керек. Сізді соңынан ертіп кетуі мүмкін. Жағаға жеткізілген адам ес-түссіз күйде болса, оның тыныс жолдарын судан босату керек. Басы кеудесінен төмен болуы үшін ішін бүгілген тіземен тіреп жатқызады. Содан кейін оған жасанды дем беру қажет. Әсіресе балаларды мұқият қадағалаңыз. Суға түсушілерге арналған ескертпе:
  • Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу керек;
  • Балаларға тек ересектердің қадағалауымен шомылуға болады;
  • Беймәлім жерлерге суға түсуге болмайды. Себебі түбінде суға батқан бөренелер, тастар, дифтвуд ағаштары, металлдар және тағы басқа нәрселер болуы мүмкін;
  • Батпақты жерлерде шомылуға болмайды;
  • Жағалаудан алысқа жүзуге болмайды, бұл тіпті жақсы жүзе білетіндер үшін де қауіпті;
  • Қайықтарға жабысуға, навигациялық жабдықтың белгілеріне шығуға болмайды;
  • Дауылды ауа райында шомылуға болмайды;
  Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өміріңізді де сақтайсыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге абай болыңыз! Өз өміріңізге өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпағайсыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *