Оқушы қыздардың жүкті болу оқиғалары: Министр тергеу басталғанын айтты
Фото: ашық дереккөз
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе және Түркістан облыстарында оқушы қыздардың жүкті болу оқиғаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Ерте жүктілік мәселесі бүгінде өзекті проблеманың бірі. Қазіргі кезде мектептерде акушер-гинеколог деген маман жоқ. Сондықтан осыны қайтару бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмысты бастадық, — деді Жұлдыз Сүлейменова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, бұл балалар жайында ақпарат кеңінен тарап кеткеннен кейін, психологиялық ауыр жағдайға душар болған.

Қазір оқушының білім алуын ары қарай жалғастыруына жағдай жасауға міндеттіміз. Психологиялық көмек те жасалып жатыр. Тергеу амалдары аяқталмайынша бұдан басқа мәліметті жариялай алмаймыз, — деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол Түркістан облысында 71 жастағы туысынан жүкті болып, босанған 15 жастағы қыздың жағдайына қатысты тергеу басталғанын айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы жүкті болып қалғанын жазған едік. Бұдан бөлек, жақында Түркістан облысында 15 жасар қыз 71 жастағы туысынан аяғы ауыр болып қалғанын хабарлаған болатынбыз.
Пікірлер (0)