Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалды

Жаңалықтар
view 97
news

Фото: qamshy.kz

Орал қаласында 18 желтоқсан күні бір үйдің 5 баласы мен анасы табиғи газдан уланып қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. 5 бала Зачаган кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Ал балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *