Оралдағы сұмдық: 10 жасар қызға жасалған зорлықтан кейін Зачаганск әкімдігін тергеу басталды
Бұл бейне Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған.
Оралда 10 жастағы оқушыны зорлау ісінен кейін Зачаганск әкімдігінің салғырттығына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Қылмыс қалай жасалды
29 қыркүйек күні кешкі уақытта Зачаганск кентінде белгісіз ер адам сабақтан үйіне қайтып келе жатқан 10 жасар қызға шабуыл жасап, зорлық көрсеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаскүнем баланы тұншықтырып, өліп қалды деп ойлаған соң қараусыз бұрышқа тастап кеткен. 1 қазанда полиция күдіктіні ұстады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлағандардың ісі жабылып қалған
Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлаған сұмдық жағдай болды
Қауіпті жолды «төрт жыл бойы» айту жеткіліксіз болған
Оқиға болған аумақтың қараусыз қалуы – тұрғындар үшін таңсық емес. Олар бұл жердің жарықсыз, өскіндермен бітіп қалғанын, бейнекамерасыз екенін бірнеше рет көтерген.
Жергілікті ата-аналардың айтуынша, мектепке апарар осы жолды қауіпсіз ету жөніндегі өтініш төрт жыл қатарынан айтылған. Бірақ әкімдік талапты орындамаған.
Әкімдікке «қызметіне салғырт қарау» бабы бойынша іс қозғалды
ТАҒЫ ОҚЫҒЫЗ: «Күдікті – өгей әкесі»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанып қалды
Түркістан облысында 71 жастағы ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлаған
Прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасында Зачаганск әкімдігіне қатысты «қызметіне салғырт қарау» бабымен қылмыстық іс тіркелді.
«Уральская неделя» басылымы жазғандай, прокуратура Орал қаласының әкіміне бюджет тапшылығын алға тартпай, көшелерді жарықтандыру және бейнебақылау камераларын жөндеу үшін жедел қаржы бөлу қажеттігін ескерткен. Қаладағы камералардың үштен бірі істемейді.
Пікірлер (0)