"Өте жуас отбасы": Атыраудағы қылмысқа қатысты жаңа деректер шықты

Жаңалықтар
view 163
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа мәліметтер әлеуметтік желіде жарияланып жатыр. Жергілікті журналист Жанат Жақсылыққызы өзінің парақшасында күдікті деп аталған Сұлтан мен Ақбаян тұрған үйдің бұрынғы көршісімен жазысқан хат алмасуын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Келіншектің айтуынша, ол 2023 жылы аталған үйдің жанында пәтер жалдап тұрған. Оның сөзінше, көрші болып тұрған отбасы сырт көзге қарапайым, жас отбасы сияқты көрінген.

Жазбада келтірілген мәліметке сәйкес, келіншек Сұлтан мен Ақбаянды «өте жас отбасы» деп сипаттаған. Оның айтуынша, Ақбаян үйді таза ұстап, кейде көршілеріне бауырсақ пен пирожки пісіріп әкеліп беретін болған. Сонымен қатар, олар бір-бірімен жақсы араласқанын жеткізген.

Куәгердің айтуынша, Ақбаянның анасы да кейде келіп, балаларын қарап, көмектесіп жүрген.

Ал Сұлтан көршілердің айтуынша, тыныш мінезді, жас жігіт болып көрінген. Келіншек сондай-ақ, күйеуі түнгі ауысыммен жұмыс істеген кезде балаларын Сұлтанға қарап тұруды тапсырғанын да айтқан.

Оның сөзінше, ол кезде ешқандай күдік тудырмайтын, қарапайым көрші ретінде қабылданған. Жолдасым түнгі кезекшілікке кеткенде, екі кішкентай баламмен үйде қалатынмын. Сол кезде жолдасым Сұлтанға қарап қоюды айтып кететін еді, - дейді ол жазбада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *